№ 429 от 20.05.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ербол Серикжанович Асаиновке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 28 тамызда берілген № 15015849 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.С.Асаиновтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.С.Асаиновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С.Досановаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласының Әділет департаментінің 15.05.2024 жылғы № 01-1/19503-вн ұсынысы, 03.05.2024 жылғы Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының талап қою ісін жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова