Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 686 от 25.09.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гаухар Хамзиевна Муратоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 10 желтоқсанда берілген № 0001256 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Г.Х. Муратованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Х. Муратованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 19.09.2023 ж. № 02-16-06/17082 ұсынысы, 21.08.2023 ж. қайтыс болу туралы анықтама.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мұқанова

Дата публикации
25 сентября 2023