Сот-сараптама қызметі саласындағы және өнеркәсіптік меншік саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде Сот-сараптама қызметі саласындағы және өнеркәсіптік меншік саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Салалық кеңес) құрамын бекітуді жоспарлауда.

Салалық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде:

- мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;

- мемлекеттік орган әзірлеген кәсіптік стандарттарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша мемлекеттік органның ұсыныстарын келіседі және өзге де функцияларды атқаратын болады.

Осыған байланысты, Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін:

1) жазбаша өтінішті (өтініш формасы қоса ұсынылады);

2) сот-сараптама қызметі саласындағы және өнеркәсіптік меншік саласындағы  жұмыс тәжірибесін растайтын құжатты (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес) ұсынуды сұраймыз.

Бұл ретте Салалық кеңестің құрамына:

1) мемлекеттік органның;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілердің;

5) салалық кәсіптік одақтардың (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардың (бар болса);

7) сот-сараптама қызметі саласындағы және өнеркәсіптік меншік саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екеуден аспайтын өкілі іріктелетінін атап өтеміз.

Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатура бойынша өз ұсыныстарыңызды және оған қоса берілетін құжаттарды 2023 жылғы 3 қазанға дейінгі мерзімде a.sashken@adilet.gov.kz электрондық поштаға арқылы ұсынуды сұраймыз.

Қосымша: өтініштің үлгісі.

Каз
Дата публикации
26 сентября 2023