№ 262 от 25.04.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызында Нурлан Есенбаевич Есламгалиевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001658 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) Н.Е. Есламгалиевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Н.Е. Есламгалиевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 29.03.2023 жылғы ұсынысы, 27.03.2023 жылғы № 20-521-23-0000416 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр Б. Молдабеков