«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

 

Қ. Мусин

Ережелер
Дата публикации
26 января 2023