Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылғы 07 мамырда Айжан Анатольевна Иманкуловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12003010 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2.  Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Иманкулованың назарына жеткізсін.

3.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5.  Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2022 жылғы 04 қарашадағы №4-05/31170  ұсынысы, А.А. Иманкулованың 04.11.2022ж. арызы.

 

 

Вице-министр                                                                                    А. Мадалиев

 

Дата публикации
09 ноября 2022