"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

Қайда жүгіну қажет

АХАТ (АХАЖ)

eGov.kz порталы – онлайн-қызмет

18 жасқа толған тұлғалар өтініш бере алады

Құжаттар тізімі

– Өтініш;

– Өтініш берушлердің екеуінің де жеке куәлігі;

– Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;

– Егер өтініш берушілердің біреуі қайта неке қияйын деп жатқан болса, некені бұзу туралы куәлік;

– Балалардың туу туралы куәлігі, бар болса;

– Шетелдіктер қосымша жеке басын куәландыратын құжаттарды және некеге құқық қабілеттілігі туралы (уәкілетті орган заңдастырылған немесе апостильденген) анықтаманы ұсынады.

ЭЦҚ болуы және порталда тіркелу;

Құжаттар талап етілмейді.

Қызмет құны

1 АЕК кез келген банктің кассасында төлей аласыз.

1 АЕК-ті кез келген банктің карточкасымен онлайн төлей аласыз.

Тапсыру мерзімі

Тіркелген күнге дейін бір ай бұрын (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді)

Нәтижесі

АХАТ-та белгіленген күні неке қию туралы куәлікті алу

 

Келесі адамдар арасында неке қиюға жол берілмейді:

  1. бір жыныстағы адамдар;
  2. біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
  3. жақын туыстары;
  4. бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары;
  5. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.

Қайда жүгіну қажет

Кодекске сәйкес, неке қиюды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар бірлескен жазбаша өтініш негізінде жүргізеді.

Болашақ ерлі-зайыптылар тіркеуші органға бірге келуі тиіс.

Тіркеуші орган – бұл азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган, халық арасында оны АХАТ немесе АХАЖ деп атайды.

 

Дата публикации
24 февраля 2022