Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 

QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY

ÁDILET MINISTRLIGI 

 

 

 

МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ

 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

______________________________________________________________________________________

 

BUIRYQ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

____________________________________________

                                       Nur-Sultanqalasy

 

 

 

№______________________________________________

город Нур-Султан

 

 

 

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 143-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Заңның 148-бабы 1 тармақтын 2), 3), 5) тармақшаларын бұзғаны үшін Дамир Бердиханович Демеуовкежеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

  1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;

2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;

3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.

  1. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
  2. Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралар қабылдасын және осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
  3. Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Ж.М. Бигалиева).
  5. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                                   А. Мадалиев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 июня 2021