«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Институт қызметтің келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке патент беруге өтінімдердің, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылатын жерлердiң атауларын мемлекеттік тіркеуге және оған айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің, сонымен бірге бұрын тіркелген тауар шығарылатын жерлердiң атауына айрықша құқықты ұсынуға өтінімдердің сараптамасын жүргізеді және олардың нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыларды әзірлейді;

зияткерлік меншіктің көрсетілген объектілеріне айрықша құқықтарына иелік ету шарттарының сараптамасын жүргізеді;

зияткерлік меншіктің көрсетілген объектілеріне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты өтініштерді, өтінішхаттарды қарастырады;

Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы тауар шығарылатын жерлердiң атауларының мемлекеттік тізіліміне және Қазақстан Республикасы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне жазбаларды енгізеді;

қорғау құжаттарының және олардың телнұсқаларын техникалық ресімдеуін жүзеге асырады;

ресми бюллетеньді шығаруды қамтамасыз етеді;

зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласында халықаралық әріптестікке қатысады, оның ішінде

I.Патенттік кооперация және Еуразиялық патенттік конвенция жөніндегі шартқа сәйкес өтінімдер бойынша жұмысты орындайды;

II.Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің хаттамасына сәйкес халықаралық өтінімдер бойынша жұмысты орындайды;

III.ЗМДҰ-мен, басқа мемлекеттердің патенттік ведомстволарымен,  Институт құзыретіне жататын сұрақтар бойынша өзге ұйымдармен халықаралық әріптестік шеңберінде жұмысты орындайды.

Сайтқа өту