«Сот сараптамалары орталығы» РМҚК
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) сот сараптамаларын, зерттеулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде шарттық негізде ұйымдастыру және жүргізу;
2) сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
3) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу, сот-сараптамалық зерттеулердің қолданыстағы әдістемелері мен әдістемелік ұсынымдарын жетілдіру болып табылады;
4) сараптама қорытындыларын сыртқы және ішкі рецензиялау;
5) құзыреті шегінде сот сарапшыларын, сондай-ақ өзге де адамдарды (сот-сараптама қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия алуға үміткер адамдарды, сот-сараптама қызметімен айналысуға Мемлекеттік лицензиясы бар адамдарды және құқық қорғау, арнаулы органдар қызметкерлерін) іріктеуге, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге қатысу;
6) тиісті саланың уәкілетті органы көздеген тәртіппен сот сарапшыларын аттестаттауды ұйымдастыру, жүргізу және оған қатысу болып табылады;
7) сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ұйымдармен бірлескен семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
8) сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қызмет;
9) Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу және оларды жүргізу;
10) сот-сараптама қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
11)Қазақстан Республикасының сот сарапшыларының республикалық палатасымен өзара іс-қимыл жасау;
12)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эпидемияға қарсы, аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда зертханалық диагностика жүргізу.