ЖСН қалыптастыру

ЖСН қалыптастыру
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Заңның 1 –бабының 3 - тармағына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы №406 қаулысымен бекітілген жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес ЖСН 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың Ақпараттық-өндірістік жүйесінде (туу туралы куәлік, ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты және т.б.) бастапқы тіркеу кезінде жеке тұлға үшін генерацияланады.
Бұдан бұрын 2013 жылға дейін Қағидаларда ЖСН қалыптастыру және оқу алгоритмі белгіленген болатын, онда жеке тұлғаның туған күні, өрісі туралы деректер қамтылған.
ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы №853 қаулысымен ЖСН сандық деректерін азаматтардың дербес деректеріне байланыстыруды алып тастау бөлігінде қағидаларға өзгерістер енгізілді.
ЖСН бірегейлік және өзгермейтіндік қағидаттарын ескере отырып автоматты түрде қалыптасады.
ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында, Бала асырап алу жағдайларынан басқа, ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта өңдеуге жатпайды.
Осының негізінде ЖСН символдарының туған күніне сәйкес келмеуі қате болып табылмайды. ЖСН-нің дұрыс еместігіне сілтеме жасай отырып, мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелердің мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуына жол берілмейді.