Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне және Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңашылдықтарын түсіндіруге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жарияланған күні: 23 маусым 2026

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері туралы баяндамамен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты Г.Н. Мусабаева сөз сөйледі. Адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамдық қатысу институттарын дамыту, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан», «Заң және Тәртіп» қағидаттары мен құқық үстемдігін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің жүргізіліп жатқан реформаларды іске асырудағы және құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтудағы жауапты әрі кәсіби еңбегінің маңыздылығын атап өтті.