Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру мақсатында ауылдық округтердің мамандарына арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ конституциялық нормалардың күнделікті өмірдегі және кәсіби қызметтегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдылықты нығайту және Конституцияны мемлекеттің Ата Заңы ретінде құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.