2026 жылғы 20 және 21 мамырда Әділет департаментімен нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларды аттестаттау өткізілді.

Жарияланған күні: 22 мамыр 2026

Аттестаттау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нотариаттық әрекеттер жасау тәртібін білу деңгейі, сондай-ақ мамандардың кәсіби даярлығы тексерілді.

Аттестаттауды өткізудің мақсаты — мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға нотариаттық қызметте заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.