2026 жылғы 21 мамырда Әділет департаменті «Зангер» заң консультанттары палатасының төрайымы Героева З.Х.-пен бірлесіп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі ережелері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ конституциялық нормалардың күнделікті өмір мен кәсіби қызметтегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдылықты нығайту және Конституцияны елдің негізгі Заңы ретінде құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Құқықтық мәдениетті арттыруға қызығушылық танытып, белсенді қатысқандары үшін «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.