Аттестациядан өту тәртібіндегі жаңалықтар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны ҚР Әділет министрлігі береді, бірақ ол үшін үміткер бірнеше кезеңнен өтуі қажет – тағылымдамадан және аттестаттаудан өту. ҚР Әділет министрінің м.а. 2020ж.28.05. № 62 "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары сәйкес Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және жеке практикамен айналысатын нотариуста немесе мемлекеттік нотариуста тағылымдамадан табысты өткен адам облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әділет департаменттерінің жанынан құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жібереді. 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жүргізу "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ)www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ). Көрсетілетін қызметті алушының ыңғайлылығы үшін, оның таңдауы бойынша Мемлекеттік қызмет ""Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметінің жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі. Бүгінгі күні аттестаттауға арналған құжаттар пакеті едәуір қысқартылды және өтініштен тұрады; нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге арналған мәліметтер нысандары; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы және нарколог пен психиатрда диспансерлік есепте тұрмағандығы/жағдайы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады, яғни көрсетілетін қызметті алушы қандай да бір құжаттарды жинаудан толық босатылған. Сонымен қатар, жаңа ережелермен үміткердің тіркелу орны бойынша өтініш беру тәртібі жойылғанына назар аудару қажет, яғни Қазақстанның кез келген аймағына өтініш беруге болады. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру; 2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау. Үміткер аттестаттау басталғанға дейін өзінің тіл таңдауын жазбаша растайды. Тестілер мен емтихан билеттеріне енгізуге жататын сұрақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады және бекітеді. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар құқықтық пәндер тақырыбына сәйкес келеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құқығы, Қазақстан Республикасының Жер құқығы, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының заңдары нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті және біреуі дұрыс жауаптың кемінде үш нұсқасы болуы тиіс. Біріздендірілген заң тестінің тапсырмаларынан кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техниканы қолдану арқылы жүргізіледі.
Аттестациядан өту тәртібіндегі жаңалықтар нотариаттық қызметпен айналысу құқығынаДата публикации
28 июля 2020