Жеке сот орындаушылары азаматтарға қосымшаны пайдалану жолдарын түсіндіру және ақпараттандыру мақсатында қала тұрғындарына AdiletGov қосымшасының негізгі функциялары мен артықшылықтарын көрсетті.

Қосымшаның мүмкіндіктерін пайдалану үшін QR-кодты сканерлеу немесе App Store мен Google Play арқылы AdiletGov қосымшасын жүктеу жеткілікті.

Енді барлық қажетті әрекеттерді сот орындаушысының кеңсесіне бармай-ақ, онлайн жасауға болады.

AdiletGov қосымшасы арқылы сіз:
• Қарыздарыңызды тексере аласыз
• Сот орындаушысының шешімдерімен таныса аласыз
• Қарызды онлайн төлей аласыз
• Атқарушылық іс барысы туралы хабарламалар ала аласыз
• Уақытты үнемдеп, мәселені бірнеше қадамда шеше аласыз

AdiletGov — сот актілерін орындау жүйесімен жылдам және ашық өзара әрекеттесудің заманауи шешімі.