Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау іс-шаралар жоспарын орындау барысында, 2023 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айы аралығында Департаменттің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді.