Меню

Страницы

Статья

Полезная модель

"Пайдалы модель - бұл адамдарға немесе жануарларға терапевтік және хирургиялық емдеу әдістерін қоспағанда, өнімге, әдіске, сондай-ақ белгілі бір өнімді немесе әдісті жаңа мақсат немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға қатысты болуы мүмкін кез келген саладағы техникалық шешім.

Пайдалы модельдер әдетте қолданыстағы өнімдерді жақсартатын немесе бейімдейтін немесе коммерциялық өмір сүру ұзақтығы қысқа өнертабыстарды қорғау үшін қолданылады (мысалы, ойыншықтардың, сағаттардың, оптикалық талшықтардың, машиналардың және функцционалды аспектілері т.б.).

Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.

Құқық иесінің пайдалы модельге айрықша құқықтары бар, бұл оған шектеулі уақыт ішінде өзінің рұқсатынсыз басқалардың осы пайдалы модельді коммерциялық пайдалануын болдырмауға немесе тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл құқық аумақтық болып табылады, яғни пайдалы модельге қорғау құжаты берілген елдің шегінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Пайдалы модельдің патенттік критерийлеріне мыналар жатады:
1. Жаңалық (егер оның маңызды белгілерінің жиынтығы техника деңгейі туралы мәліметтерден белгісіз болса).
2. Өнеркәсіптік қолдану мүмкіндігі (егер оны іс жүзінде пайдалануға болатын болса).

☝🏼Қазақстанда мәлімделген пайдалы модельдің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтінім берушінің тәуекелімен және жауапкершілігімен беріледі."

Дата публикации
16 марта 2023
Дата обновления
16 марта 2023
Тип

Сейчас читают

15 апреля 2026
Как стать нотариусом!
Статьи
02 марта 2026
Коррупция – болезнь, борьба с ней наш долг
Полезная информация
24 ноября 2025
Что такое использование товарного знака

Социальные медиа

Instagramm Департамент юстиции Павлодарской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы