Маңғыстау облысының әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік)
Маңғыстау облысының Әділет департаменті
Маңғыстау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Департаменттің алқа мәжілісі мен аппараттық кеңестерін өткізуді ұйымдастыру, мәжіліс хаттамалары мен хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылау. Конференция, дөңгелек үстел және өзге де ғылыми практикалық іс-шараларды, Үйлестіру кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру. Департаменттің және аумақтық бөлімшелердің тоқсандық, жылдық жұмыс жиынтық жоспарларын дайындау, орындалуын бақылап, іс-шараларды ұйымдастыру және олардың мерзімдерін қадағалауды жүзеге асыру. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Департаменттің және аумақтық бөлімшелермен көрсетілетін есептерді жинақтау, жолдау (мемлекеттік қызмет, әкімшілік істер, талап арыздар) және атқарылған тоқсандық, жылдық жұмыстарды талдау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылған жұмыстарды талдау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және статистикалық есептерді жүргізу. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізу. Департаментке келіп түскен құжаттарды қабылдау, құжаттардың сәйкестігін, олардың дұрыс рәсімделуін тексеріп, құжаттардың орындалуын бақылау және жай-күйін жүйелі түрде талдау. Құжаттардың орындаушылық тәртібі жөнінде тұрақты мониторинг жүргізу. Баспа бланкілерін есепке алу және сақтауды жүзеге асыру. Департаментте және аумақтық бөлімшелерде іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымының жай-күйін талдау. Ведомстволық мұрағаттың жұмысын жүргізу және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу туралы статистикалық есепті қалыптастыру, жолдау, ақпараттық жүйелерде уақытылы деректерді енгізу (ауыстыру, ЭЦҚ болған жағдайда, ЭЦҚ-ның мерзімдерін уақытылы жаңарту)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.abisheva@adilet.gov.kz
- 27.02.2024
- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 Б шағын ауданы, 16 ғимарат
-
8 (7292) 302010 (ішкі - 112)