Меню

Страницы

Статья

Порядок объявления должника в розыск

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізудің бір тарабы -  борышкер болып табылады.

Атқарушылық іс жүргізу барысында борышкердің мекен-жайы, борышкердің атындағы мүлігі және жұмыс орыны туралы сұраныс нәтижесіз болса сот орындаушысы  ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 45-бабына сәйкес борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті.

Сот орындаушысының борышкерге іздеу салу туралы қаулысын прокурор санкциялайды.

Борышкерге iздеу салуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

Борышкерге іздеу салу жарияланған кезде, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 42-бабының 14-тармақшасына сәйкес, сот орындаушысының борышкерге іздеу салу туралы қаулысына прокурор санкция бергеннен кейін, борышкердің өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде, бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұруға тиіс.

Сонымен қатар, борышкерге іздеу салу кезіндегі шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады және борышкерден мемлекет пайдасына өндірілуге жатады.

Борышкердің орналасқан жері белгілі болған кезде, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»  Заңның 46-бабына сәйкес, сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қайта жалғастыру туралы қаулы шығарып, атқарушылық іс жүргізуді қайта бастайды.

Сот орындаушылары іздестіру органдарымен тығыз байланыста отырып, іздестіруге берген борышкерлер тізімін қатаң бақылауда ұстайды.

Борышкердің іздеуде жүргендігі жөнінде ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының www.qamqor.gov.kz порталындағы арнайы бөлімнен алуға болады.

 

Дата публикации
13 августа 2025
Дата обновления
13 августа 2025
Тип

Сейчас читают

17 сентября 2025
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері
Полезная информация
11 сентября 2025
Как оформить недвижимость без нотариуса в центрах обслуживания населения
13 августа 2025
Порядок объявления должника в розыск

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы