Меню

Страницы

Статья

Права и обязанности сторон исполнительного производства

Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.

Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.

Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, бүгінде атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе - атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының /борышкер, өндіріп алушы/ кабинеті әзірленіп, пайдалануға енгізілді, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына www.adilet.gov.kz  орналастырылған, онда «Сот орындаушылары» бөлімінде тиісті қосымша бет бар. Аталған кабинетте атқарушылық іс жүргізу тараптары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып АІЖО ААЖ  арқылы атқарушылық іс жүргізудің орындалу барысымен таныса алады, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің материалдарын қарай алады.

Дата публикации
13 августа 2025
Дата обновления
13 августа 2025
Тип

Сейчас читают

17 сентября 2025
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері
Полезная информация
11 сентября 2025
Как оформить недвижимость без нотариуса в центрах обслуживания населения
13 августа 2025
Порядок объявления должника в розыск

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы