Меню

Страницы

Статья

Информация об обязанности судебного исполнителя приостановить исполнительное производство

Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның /әрі қарай Заң/ 42-бабының талаптарына сәйкес атқарушылық іс жүргізу, егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, өндіріп алушы қайтыс болған, хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген, сот оңалту немесе банкроттық, сондай-ақ борышкер болып табылатын заңды тұлғаны мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған немесе сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған, өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, шешім қабылданғанға немесе оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылғанға дейін;

Сонымен қатар, сот немесе атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған жағдайда, қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар жалғыз тұрғын жайынан жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған жағдайда, жалғыз тұрғын жайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін;

Атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған) жағдайда борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;

Өндіріп алушы жазбаша өтініш жасағанда өндіріп алушыдан өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге;

Құқық берілген сот, прокуратура немесе өзге де құқық қорғау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткенде, оны қайтарғанға дейін, егер прокурор сот орындаушысының борышкерге қатысты іздестіру жариялау туралы қаулысын санкциялаған жағдайда борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін, бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс.

Заңның 50-бабына сәйкес атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды, ол туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы-аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс, қаулыға сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.

Заңның 46-бабына сәйкес атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының арызы бойынша немесе сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қайта жалғастырылады.

Дата публикации
13 августа 2025
Дата обновления
13 августа 2025
Тип

Сейчас читают

17 сентября 2025
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері
Полезная информация
11 сентября 2025
Как оформить недвижимость без нотариуса в центрах обслуживания населения
13 августа 2025
Порядок объявления должника в розыск

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы