Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл мәртебесі

«Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшінде қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт-дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ.

Мемлекеттік тіліміз – Тәуелсіз еліміздің тұтқасы. Себебі әр елінің есігін ашпақ болсаң, тілін де білген абзал. Адамды қоршаған ортамен ұштастырып, азамат ретінде қалыптасуының негізі – тіл. Демек, ұлт тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің тілі, салт-санасы, мәдениеті жоқ ел- ол мемлекет болып қалыптаспайды.

Ұлттың  ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады» — деген қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың сөзі бар.

Тіл – ұлт пен ұлтты жақындастыратын айрықша қатынас құралы. Мемлекеттік тілді сақтап, дамыту мемлекет тұрақтылығының, тәуелсіздігінің бір кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады»- деп атап өткен.  

Мемлекеттік тіл мәселесі – ұлттың мәселесі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, баршамыздың ортақ тіліміз. Еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекеттерінің, қарым-қатынасының құралы болуы қажет, тіл мәртебесін аспандату әрбіріміздің ортақ парызымыз.

Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу- маңызы зор құбылыс. Тілді насихаттауда, үйретуде озық әдістемелер кеңінен жасалуы қажет. Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша жұмыстар атқарылып, жан-жақты қамтылғаны абзал. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен қамқорлығымыз жоғары болуы тиіс.

Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз. Сондықтан, Еліміздің тілін ұлықтап мәртебесін бірге арттырайық.

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип

Сейчас читают

17 сентября 2025
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері
Полезная информация
11 сентября 2025
Как оформить недвижимость без нотариуса в центрах обслуживания населения
13 августа 2025
Порядок объявления должника в розыск

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы