Мемлекеттік қызметшінің этикасы – бұл белгілі бір қоғамға жататын, жалпыға бірдей мораль нормалары болып табылатын неғұрлым саналы және нақтыланған жиынтығы болып табылады және мемлекеттік қызмет қатынастарындағы мінез-құлық нормаларының рәсімдер мен ережелердің, қатынастар мен принциптердің жүйесі.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын нормативті бекітудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуді қамтамасыз ету және оларға мемлекеттік қызметте болған кезінде қойылатын моральдық-адамгершілік талаптарды нығайту.
Мемлекеттік қызметшінің кҥнделікті өмірі кәсіби қызметпен тығыз байланысты. Мәдениет, білім, тәрбие деңгейі адамның ісәрекетінде көрінетін ішкі рухани әлемін бейнелейді. Бұл тұста зұлымдық пен әділетсіздікке жол бермейтін ар-ождан – ішкі бақылаушы ретінде ерекше орын алады.
Ардан аттамау, әдеп қағидаларын бұлжытпай орындау, жоғары жауапкершілікті сезіну мемлекеттік қызметшіге тән негізгі қасиеттер болуы керек.
Кодекс нормалары азаматтармен өзара қарым-қатынаста немесе ұйыммен қарым-қатынаста тиімді де, негізгі индикаторлардың бірі болып табылады. Енді мемлекеттік қызметшіге нормативті түрде бекітілген нормаларға тоқталып, түсінігін ашып көрейік.
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:
- қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес адал, құзыретті және тиімді орындайды деп есептейді. Бұл тұрғыда қарапайымдылық мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін орындау кезінде азаматтармен қарым-қатынаста жеке ұстамдылығын, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпей, саналы түрде тең құрметпен қарауды білдіреді.
Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға тыйым салу азаматтарға, басқа да мемлекеттік қызметшілер мен ұйымдарға бағытталған тұлғааралық қарым-қатынас немесе көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жалған, дәл емес немесе бұрмаланған ақпаратты жариялауға жол бермеуді білдіреді.
- мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
Мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер деп азаматтардың конституциялық құқықтарын, мемлекеттік басқару жүйесіндегі құқықтық қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнаманың ережелерін бұзатын немесе қоғам мен мемлекеттік құрылымның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерді түсіну керек.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік ақпаратты заңсыз таратуы салдарынан мемлекет мүдделеріне залал келтірілуі мүмкін.
Кодекстің бұл ережесі Мемлекеттік қызметшілерді саналы және жауапкершілікпен сақтауға, қажет болған жағдайда мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарын қорғау немесе олардың бұзылуының алдын алу жөнінде барабар пәрменді шаралар қабылдауға міндеттейді.
- заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;
Мемлекеттік қызметтің миссиясын, мемлекеттік қызметшілердің ерекше құқықтық мәртебесін, олардың алдында тұрған міндеттердің ерекшелігін ескере отырып, мемлекет олар үшін мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету және берілген өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу қажеттігіне негізделген тиісті шектеулерді заң жүзінде айқындайды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер көзделген. Атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға тыйым салу, материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу және басқалар. Шектеулерді қабылдамау Мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе жұмыстан шығаруға әкеп соғады. Мемлекеттік қызметшінің шектеулерді сақтамауы тәртіптік теріс қылық ретінде қарастырады және оның салдары тиісті жазаға тартылады.
Кодекс мемлекеттік қызметшінің шектеулерді ерікті процесс ретінде, атап айтқанда, міндетті тҥрде ант беру арқылы қабылдауын айқындайды, яғни ол елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге міндеттенеді.
Мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.
Заңнамаға сәйкес, егер мүдделер қақтығысы болса, мемлекеттік қызметшіге лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруға тыйым салынады және ол өзінің басшылығына хабарлау арқылы заңнамаға сәйкес мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
Демек, Әдеп кодексінің нормалары мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық сипатына қойылатын ерекше, бірақ орындалатын талаптарды айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекет тұлғасы болып табылады және қоғам алдында қоғамдық орындардағы мінез-құлықтың үлгісі болуға тиіс.