Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусы мемлекеттік «әкімшілік лауазымына» орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларындағы өзгерістер

Қазіргі таңда елімізде бірқатар мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке іріктеу жаңа онлайн форматта өткізілуде. Оның ішіне Маңғыстау облысының   Әділет департаменті де кірістірілген. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілді.

Іріктеу жүйесі барынша ашық, жеңілдетілген және қолжетімді болып табылады. Ол үшін үміткер «Е-Qyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады. 

Мемлекеттік қызметке кіру үдерісі конкурс ұғымына біріктірілген бірнеше кезеңнен өтеді. Егер мемлекеттік органда бос лауазымдар пайда болса, онда кандидаттарды конкурстық іріктеу өткізіледі.

Мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе жаңадан қабылданатын азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді:

  1. мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;
  2. жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу;
  3. соңғы әңгімелесу.

Мемлекеттік қызметке іріктеу кезіндегі маңызды критерийлердің бірі- біліктілік талаптарына сәйкестігі болып табылады. Олар білім деңгейіне де, жұмыс тәжірибесі мен құзыретіне де қойылатын талаптарды қамтиды. Бірақ мемлекеттік қызметте ол әңгімелесуге Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мүмкіндікті, ал болашақта меритократия қағидаты бойынша мансаптық өсу мүмкіндігін шешеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінің барынша ашықтығы мен айқындылығы заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілді. Онда тестілеу залдарында үздіксіз бейнежазба жүргізіледі, сондай-ақ әрбір кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу  және өзге де іріктеу құралдары бейнежазба құралдарымен белгіленеді. Кандидаттың келісімі болған жағдайда әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Іріктеудің бұл форматы мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатып отыр. Атап айтқанда, үміткер туралы ақпаратты өзге ақпараттық жүйелерден алу, біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның бәрі автоматты түрде жүйеде қалыптасатын болады.

Толығырақ айтқанда, мемлекеттік қызметке түсуге үміткер кандидаттар                «Е-Qyzmet» интернет-порталында электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеледі. Өтінім беру кезінде кандидат пилоттық іріктеу тәртібімен танысып, орнатылған талаптарды сақтауға міндеттенеді және жеке мәліметтерін пайдалануға келісімін береді. Тіркелгеннен соң кандидаттың электрондық жеке ісі автоматты түрде толтырылады. Бұл жерде барлық мәліметтер басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.  Кандидат жеке іске жинақталған мәліметтердің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағыттарды енгізеді және қажет болған жағдайда жеке іске қосымша мәліметтер енгізе алады. Кейін кандидат осы порталдағы өзінің жеке кабинетінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік тілді білуіне тестілеуден өту үшін бір күнтізбелік күн бұрын өтінім қалдырады. Мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуге тестілеу рәсімін міндетті түрде өткізу болып табылады. Бұл тестті алдын ала тапсыруға болады және оның қолданылу мерзімі 1 жылға дейін жарамды. Тестілеуден сәтті өткенде                «Е-Qyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде сертификат беріледі. Үміткер осы сертификатпен қажетті санаттар бойынша кез келген конкурсқа қатысуына құқылы.

Тестілеу күні мен уақытын кандидат өзі таңдайды. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеу  4 заңды (Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы,  «Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі») қамтитын 1 бағдарламадан тұрады. Аталған тестілеуден оң нәтижемен өткен кандидат сол порталда бос лауазымдарды иеленуге жарияланған конкурстар тізімімен таныса алады. Таңдаған конкурстарға сол жерде өтінім жіберіп, іріктеуге қатысады. Іріктеуге қатысуға өтініш берген кандидатқа жүйемен оған жеке идентификациялық номер беріледі. Бұл кандидат туралы жеке мәліметтердің көрсетілмеуін қамтамасыз етеді.

Бұдан әрі конкурс талаптарына сәйкес кандидат жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден, сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға арналған тестілеуден, басшылық лауазым болған жағдайда эссе жазудан және әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық рәсімнің бұл форматы үміткерлерге әлемнің кез келген бұрышынан конкурстың барлық кезеңдеріне қатысу мүмкіндігін береді, яғни іріктеу кезеңдерінің толық цифрландырылуы, адами фактордың мейлінше азайтылуы мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын арттыра түседі.

Жаңа формат мемлекеттік қызметке іріктеу үдерісінің барынша жеңілдетілген тәсілін қарастырады. Азаматтар алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуді қоспағанда, барлық кезеңдерінде өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта тәулік бойы конкурсқа қатыса алады.

Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны– тоғыздан төртке дейін қысқартылды. Тестілеу және эссе жазу кезінде (басшылық лауазым болған жағдайда эссе жазудан және әңгімелесуден өтеді) кандидаттың тәртіпке сәйкестігін тексеру үшін сараптама жүргізіледі. Жүйе ең төменгі ұпай жинағандарды кезең-кезеңімен автоматты түрде алып тастау арқылы әңгімелесу кезеңіне үздік үш үміткерді пилоттық органның сараптау комиссиясына жіберуді қарастырады.

Қорытындылай келе, іріктеудің жаңа форматы мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатып отыр. Атап айтқанда, үміткер туралы ақпаратты өзге ақпараттық жүйелерден алу, біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның бәрі автоматты түрде жүйеде қалыптасатын болады.

Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту, тек құқықтық-нормативтік құжаттарға өзгер­тулер енгізумен шектелмейді.

Мұн­да­ғы басты міндеттің бірі– мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Ол мемлекеттік қызметшіге саналы тұрғыда өзгеріс қажет етеді, яғни ниет қалаулары мен ұста­ным­дық қағидаттарын өзгерту талабын туд­ырады.

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

17 сентября 2025
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері
Полезная информация
11 сентября 2025
Как оформить недвижимость без нотариуса в центрах обслуживания населения
13 августа 2025
Порядок объявления должника в розыск

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы