Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы «атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғауға онлайн өтінім беру тәртібі» туралы құқықтық кеңестің ақпараты

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Маңғыстау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалымен жеке және заңды тұлғаларға қашықтықтан құқықтық кеңес берілді.

Өзекті мәселелердің бірі төтенше жағдай кезінде атқарушылық құжаттарды орындауға ұсыну тәртібі болып, төмендегідей түсінік берілді.

Атқарушылық құжатты орындау үшiн сот орындаушыға ұсыну құқығы өндiрiп алушыға тиесiлi және заңда атқару құжаттарын ұсыну мерзiмi көзделген.

Атқарушылық құжатты орындауға ұсынудың бір жолы -   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген кезде «өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» бойынша мемлекеттік сот орындаушысы - мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  • Аталған қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында ЭЦҚ арқылы авторизациялаудан өту керек.
  • Жеке кабинет арқылы «өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» қызметіне тапырыс беру.

Тапырыс беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес, нысанға сәйкес, атқарушылық  іс жүргізуді қозғау туралы өтініш, Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген сот бұйрығын немесе судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актісінің негізінде берілген атқару парағын, жеке басын куәландыратын құжатын сканерлеп тіркеу қажет.

  • Атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін атқару құжатын АІЖО ААЖ-ге жіберу туралы хабарлама порталда қызметті алушының жеке кабинетіне түседі.
  • Қызмет көрсету нәтижесі : Мемлекеттік сот орындаушысының іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы шығарылады.
  • Қызмет көрсету мерзімі: Қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға - 3 жұмыс күні

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

17 сентября 2025
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен міндеттері
Полезная информация
11 сентября 2025
Как оформить недвижимость без нотариуса в центрах обслуживания населения
13 августа 2025
Порядок объявления должника в розыск

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы