Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар

   2024 жылдың 4 желтоқсанында әкімшілік бөлімінің ұйымдастыруымен, Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Мухаметкалиева Е.М. төрағалығымен, Қостанай облысы әкімдігінің «Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Шиндавлетова М.Б. мен Қостанай облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Байтуха С.С. қатысуымен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өтті.

   Семинар барысында мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметтік құжаттармен жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі