Әділет органдарының міндеттерінің бірі - заң көмегін ұйымдастыру, көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін, құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етеді және кез келген заң бұзушылықтарға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін қалыптастырады.Ол, ең алдымен, халықтың құқықтық санасының даму деңгейіне байланысты.
Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихатты (қоғамдық заңдық білім беруді жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.
Қазақстандық қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіптік даярлығына ерекше көңіл бөлінеді және мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық қызметі халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер береді, 119 нөмірі бойынша (немесе WhatsApp желісінің +77086935631 мессенджері бойынша) қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру бойынша көмек көрсетеді.
Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы