Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр - ол басқа мәселе», деп атап өтті.
   Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық - ешбір ел сақтана алмайтын нағыз жаһандық проблемаға айналды. Сыбайлас жемқорлық мәселесі адамдарға, қоғамдастықтарға және бүкіл елдерге жағымсыз әсер етеді; демократиялық процестерге нұқсан келтіреді, әділетсіздікті күшейтеді және кедейлікті арттырады; негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін төмендетеді, бизнес жүргізу құнын арттырады және дамуға бағытталған инвестицияларды азайтады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тұрақты дамудың барлық үш өлшеміне теріс әсерін тигізуде: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыда.
   «Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өзінің қызметтік жағдайын материалдық немесе мүліктік мақсатта, заңсыз жеке пайда табу мақсатында пайдаланатын әлеуметтік құбылыс». Сыбайлас жемқорлық - бұл лауазымды тұлғаның өзінің әкімшілік өкілеттіктері мен құқықтарын заңға және этикаға қайшы, жеке басының пайдасы үшін қолдануы. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
   Зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде төрт факторды атап көрсетеді:
Біріншісі – экономикалық себептер;
Екіншісі – заңды себептер;
Үшіншісі – институционалдық себептер;
Төртінші – әлеуметтік себептер немесе қоғамдағы орта.
   Сыбайлас жемқорлықтың салдары:
Сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні дәлелденген. Сыбайлас жемқорлық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Жемқорлық құқық бұзушылықтарымен сыйыспайтын моральдық құндылықтар мен этикалық стандарттар
   ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
   Сыбайлас жемқорлықпен күрес:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру;
- Парақорлыққа нөлдік төзім;
- Қоғам түйсігіне адалдық, та¬залық, әділеттілік қағидаттарын негізге алатын парасаттылықты қалып¬тас¬тыру;
- Ашықтықты қамтамасыз ету;
- Ғылымның әлеуметтік-эко¬номикалық шешімдер қабылдаудағы рөлін ны¬ғайту.
   Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз!

 

Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айтбаева Раушан

Дата публикации
10 октября 2024
Дата обновления
10 октября 2024
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

30 сентября 2026
Коррупция — угроза законности и доверию общества
01 сентября 2026
Основные изменения в антикоррупционном законодательстве Республики Казахстан в 2026 году
17 августа 2026
Требования к поведению государственных служащих в служебное и внеслужебное время.

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы