Меню

Страницы

Статья

Қазақстандағы Отбасы күні

   2013 жылдан бастап қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында Отбасы күні атап өтіледі. Биылғы жылы Отбасы күнін мерекелеу 8 қыркүйекке келеді.
   2013 жылғы 1 наурызда еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлықпен елде жаңа мереке – Отбасы күні құрылды және оны тойлау күні қыркүйектің әр екінші жексенбісі белгіленді.
   Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты - елімізде адамгершілік ерлі-зайыптылықты насихаттау және руханиятты нығайту.
   Мереке халықтың репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ отбасылардың, әсіресе жас, көпбалалы, толық емес, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың отбасыларының мәселелеріне жалпы жұртшылықтың назарын аудару үшін құрылды.
   Отбасында қоғам ұяшығындағыдай ұрпақтар байланысы сақталады, балалар рухани және адамгершілік құндылықтарда тәрбиеленеді, жеке тұлғаның әлеуметтенуі отбасында басталады. Бүкіл қоғамның болашағы жаңа ұрпақтың қалай өсетініне байланысты.
   Сондықтан отбасылық құндылықтарды сақтау елдің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет жәрдемақылар мен төлемдер жүйесін құру арқылы отбасыларды материалдық жағынан қолдайды. Жас отбасыларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істейді, тұрғын үй мәселелерін шешудің жеңілдікті шарттары қамтамасыз етіледі.
   Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді. Отбасы - сыйластықтың, ынтымақтастық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі, кез-келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының әл-ауқаты - елдің дамуы мен алға жылжуының өлшемі.


Қостанай облысы Әділет департаментінің
әкімшілік бөлімнің бас маманы
Г.Мусагазина

Дата публикации
06 сентября 2024
Дата обновления
06 сентября 2024
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

30 сентября 2026
Коррупция — угроза законности и доверию общества
01 сентября 2026
Основные изменения в антикоррупционном законодательстве Республики Казахстан в 2026 году
17 августа 2026
Требования к поведению государственных служащих в служебное и внеслужебное время.

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы