18.04.2025ж. № 117
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылдың 12 желтоқсанда Вячеслав Александрович Сергеевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 15021554 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрсын..
2. Жамбыл облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы В.А. Сергеевтің, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы Р.М. Али-Айдароваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 20.03.2025 жылғы №, 01-1/10432-вн ұсынысы, №247500041000056 қылмыстық ісі бойынша 21.02.2025 жылғы айыптау актісі.
Төраға м.а. Ш. Бекенова