31.01.2025ж. № 37
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 29 мамырында Марат Кокушевич Мусралимовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0002042 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 15 желтоқсанына дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат М.К. Мусралимовтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Д.Б. Кусаиновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің ұсынысы, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының өтінішхаты, адвокат М.К. Мусралимовтың өтініші.
Төраға В. Калимова