Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларымен алимент берешектерін өтеу мақсатында 2 қарағандылықтың автокөліктері алып қойылды

Қарағанды облысында полиция департаменті, юстиция, прокуратура және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Борышкер» рейдтік іс-шарасы жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 07 қазанында Қарағанды облысының жеке сот орындаушысы Н.С. Жунусовпен 2017 жылдан осы уақытқа дейін төленбеген 1538155 тенге сомасындағы алимент берешегі бар борышкердің Mazda Xеdos маркалы автокөлігі алып қойылды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының жеке сот орындаушысы Н.К. Смагуловпен 2019 жылдың қарашасынан төленбеген 554483 тенге сомасындағы алимент берешегі бар борышкердің Hyundai Elantra маркалы автокөлігі алып қойылды.
Қазіргі таңда алынып қойылған меншікті мәжбүрлеп сату сұрағы шешілуде