Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық қызу талқылаудың тақырыбына арналған басты мәселенің бірі — тіл мәртебесі. Тілі мен ділін ұмытқан ұлттың да болашағы бұлыңғыр екені анық. Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конс­титуцияда бекітіп, 1997 жылы 11 шілдеде тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды. Қазақтың тілі – қазақтың жаны. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Ал заманның ағымына қазақ тілін бейімдеу үшін латын қарпіне көшу қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Ендігі таңда қоғам алдында үлкен жауапкершілік тұр. Себебі бұл тұрғыда әрбір азамат мінез танытып, үлес қосуы маңызды. 

Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтардың тілі. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту,оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.

 

 

 

Қарағанды облысы әділет департаментінің

Әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы

Ж.К.Абишева

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
28 августа 2026
Гарантия государственной регистрации прав (обременений) на недвижимое имущество
Аналитическая статья
28 августа 2026
РОЛЬ ГЕОГРАФИЧЕСКИХ УКАЗАНИЙ В РАЗВИТИИ КАЗАХСТАНСКИХ БРЕНДОВ
Аналитическая статья
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы