Мемлекеттік тілді білу- заман талабы болып табылады. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел, ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді. Ал тілдің өзі – тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындататына рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі – заңды құбылыс болып табылады.
Адамның адамшылығын бағалайтын өлшем көп. Солардың ішінде ана тілін, халықтың өмір салтын, әдет- ғұрпын рухани байлығын білу тұрғысынан бағалау бұрынғы заманнан келе жатқан дәстүр. Бүгінде бұл дәстүр мәнісін жоғалтқан жоқ. Ал, ана тілін ел-жұрт болып әспеттеп, алақанына салып аялай бастаған дәуірде бұл өлшемнің құны қайтадан арта түспек. Осыған орай, белгілі жазушы Константин Паустовский: Әрбір адамның ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени деңгейін ғана көзқарасына қарап, оның мәдени деңгейін ғана емес, сонымен бірге, азаматтық қасиеттері жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру –еліміздің әрбір азаматының парызы. Елбасы айтқандай, біздің міндетіміз - келешекте мемлкеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызы дейін жеткізу. Ал, 2025 жылғы қарай олар кемінде 95 пайызды құру тиіс. Заман ағымы, қоғамдық даму үрдісі әр кезде тілге, ұлт тілдерінің даму бағыт-бағдарына өз ықпалын жасамай тұрмайтыны белгілі. Енді елімізге қоғамдық өмірдің өзі тағы бір тарихи талапты тартып отыр. Ол-өз тіліңе қосымша шет тілдерін меңгеру. Бұл экономикалық, нарықтық қарым-қатынастың қатал талабына сай ұлт болмысын, әсіресе, өркениетке ұмтылар, бойында қуаты, жүрегінде оты бар жас ұрпақтың жан дүниесін түгел билеп ала бастаған жаңа құбылыс. Әрине, тіл білгенге, өз тіліңді біліп барып басқа тілді меңгергенге не жетсін....
Жаңа ғасырда жасайтын жас ұрпақтың тілге қатысты атқаруға тиісті үш абзал бар. Ол –ана тілін жетік меңгеру, бұл елдігін ұлттық қасиетін сақтап қалуының кепілі, орыс тілін білу, орыс тілін білу, бұл оның көршімен қалыптасқан жақсы дәстүрлерімізді жалғастыра беруіміздің бір шарты, шет тілін уйрену, бұл оның әлемдік өркениеттен өз жолын таба білуіне мүмкіндік береді. Бірақ, қандай жағдай болмасын болашақ ұрпақ қазақ баласы үшін ең басты міндет –ана тілі алдындағы перзенттік парызды орындау. Ана тілімізді құрметтеу халқымызды құрметтеу мемлекетіміздің нығаюына өз үлесін қосу болмақ. Ең маңызды ана тіліміздің қолданыс аясының кеңеюі мемлекетіміздің нығаюына негізі болып табылады. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлері де іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бетбұрыс жасауда. Ана тілі –ұлықтықтың, елдіктің соңғы қамалы. Ана тілі –ұлықтылық, елдіктің соңғы қамалы. Тіл халықтың ажары, базары, бағы. Ана тілін білмеу – ананы құрметтеу деп айтуға болады. Тіл –өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған. XX ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Мемлекеттік тіліміз-халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз.
Бас маман М.Муздыбаева