Меню

Страницы

Статья

Тіл ‑ халықтың алтын діңгегі

Тіл ‑ халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл ‑ қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл ‑ халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ‑ ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім ‑ қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады.

Қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Ана тілі ‑ халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына»,-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл ‑ ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы ‑ оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі ‑ оның бақыты мен тірегі. Менің ана тілім ‑ шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер — сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.

Тіл ‑ ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,‑ деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр.

Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.

Ана тілі — ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау ‑ арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ең жақсы адам‑ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу‑саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол ‑ туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз.

Біздің еліміз ‑ көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны — бәріміз үшін мақтаныш.

Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі‑ қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз — бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

Әрбір адам баласы өз тілін құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар өзге тілдіде құрметтеуге, жәнеде оны білген артық етпейді. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.

 

 

Қарағанды облысы

Әділет департаментінің

Құқықтық түсіндіру және

заңгерлік қызмет көрсету

бөлімінің бас маманы

З.С.Тусупова

Дата публикации
08 мая 2026
Дата обновления
11 февраля 2026
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
28 августа 2026
Гарантия государственной регистрации прав (обременений) на недвижимое имущество
Аналитическая статья
28 августа 2026
РОЛЬ ГЕОГРАФИЧЕСКИХ УКАЗАНИЙ В РАЗВИТИИ КАЗАХСТАНСКИХ БРЕНДОВ
Аналитическая статья
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы