Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім саласына, экономиканы дамыту және әлеуметтік салалар мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған.  Осылайша, мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде сөз қозғалды.  Оқулықтар сапасын жақсарту, білім беруді жетілдіру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесінің көтерілгені бізді қуантады. Сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерлікке жаңа серпіліс беріп, тың жобаларға екпін беріп, Үкіметке «Бизнестің жол картасы» аясында қаржы бөлдіру жөніндегі тапсырмасы кәсіпкерлік үшін үлкен қолдау көрсетуде. Тағы бір мәселе мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігіне, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратындығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін жеткізді. Президент жолдауында , біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. "Жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті деді. Оған қоса, «Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатыр. Сол себепті білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтар оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнемі жаңа мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім. Осы салаға қуатты күш беру маңызды болып отыр», - деді Тоқаев.

                                                  Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі

 

Дата публикации
20 мая 2020
Дата обновления
20 мая 2020
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
28 августа 2026
Гарантия государственной регистрации прав (обременений) на недвижимое имущество
Аналитическая статья
28 августа 2026
РОЛЬ ГЕОГРАФИЧЕСКИХ УКАЗАНИЙ В РАЗВИТИИ КАЗАХСТАНСКИХ БРЕНДОВ
Аналитическая статья
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы