Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында
Мемлекет дамуының жаңа дәуірінде әлеуметтік әділ мемлекет орнықтыру бағыты қуатты серпінге ие бола отырып, Конституцияның мемлекеттілік құрылыс саласындағы ережелер мен нормаларының қолданылуының тиімділігін арттыру, адамның және азаматтың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі жұмыстарының қарқынын жеделдетуді талап етеді.
Сол себепті Әділет Департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметкерлері Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына жолдаған осы жылғы жолдауын талқылай отырып, кейбір мәселелерді назарға алды.
Ел Президенті жолдауында көрініс тапқан, бекітілген құндылықтар мен адам толыққанды игерген нақты құндылықтар сәйкес келгенде ғана әлеуметтік теңдік орнайды. Адамның құқықтары мен бостандықтар мазмұны заңда көрініс табу арқылы оның практикада қолданылуын анықтайды.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару...» деген сөзімен біз толықтай келісеміз. Билік қарапайым бұқара халыққа барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікірді міне, осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады.
Сонымен қатар Жолдауда саяси өзгерістер, ең алдымен адам құқықтарын қорғау саласындағы міндетті шарттар болып табылады «әділетті мемлекет» құруды көздейтін бағыт-бағдарымыздың бұлжымайтыны расталды.
Президент айтқандай бұл реформалардың бастамасы ғана. Біз өз тарапымыздан, Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметтерін атқару барысында заңсыз әрекеттердің болдырмауын қатаң қадағалаймыз.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы әлемдік дамудың теңдесі жоқ жағдайларында елдің одан әрі дамуы үшін сенімді, берік негіз болып табылады деген сенімдеміз.
Орындаған: Абдыкалыкова Л.Ж.