«Сыбайлас жемқорлықтың алды алу бойынша іс-шаралар»
Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған Үлгілі жоспарды (бұдан әрі- Жоспар) орындау мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен келесі шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға ықпал ету шаралары (мемлекеттік қызметшілердің әдебінің стандарттарын сақтау) жүзеге асыру мақсатында, 2025 ж. 30 мамырда Әкімшілік бөлімінің бас маманы М.Муздыбаева құқықтық білім мектебі аясында «Әдепті өзіңнен баста» тақырыбында дәріс оқыды.
Әділет департаментінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша «Doсumentolog» ақпараттық жүйесінде онлайн-курстан өтті.
2025 жылдың 15 сәуірде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен «Заң атынан диалог: құқықтық сауаттылық және қоғамның қатысуы» атты ашық пікірталас өтті. Оның негізгі міндеттері: халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейін төмендету және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету.
https://www.instagram.com/reel/DIgocmLIxDh/?igsh=MWFydDh6aDlrN2pkYg==
2025 жылдың 28 мамырда Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Дайрабаев «Заң және тәртіп» қағидаттарын іске асыру аясында Нұра ауданы Қараой ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Өз сапары аясында Д.Дайрабаев тұрғындарды сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке қабылдады.
https://www.instagram.com/reel/DKSbwgtI2Gw/?igsh=NGxwem9yNGY5dHI3
Сонымен қатар, мереке күндерінің алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық әдептілік нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әділет департаментінің алқа және аппараттық отырыстарында Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауына тұрақты түрде тапсырма беріледі.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында, Әділет министрлігінің Аппарат басшысының бұйрықтарымен бекітілген 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар жоспары негізгінде Қарағанды облысы Әділет департаменті 2025 жылға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен ұсынылған Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде, Қарағанды облысы Әділет департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша келесі іс шаралар атқарылды.
Қарағанды облысы Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп өткен семинарларға қатысты.
Қарағанды облысы Әділет
департаментінің бас маманы
М.Муздыбаева