Мемлекеттік тіл – көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына
қарамайісқағаздарынмектепжәнеоқуорындарынаоқыту,мәдениет,
баспасөз бен байланыс орындарына құқық қорғау мен әскери бөлімдерінде
сот істерін жүргізу міндетті деп саналатын саяси құқықтық қасиеті бар
мәртебелі тіл. Оны жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын кеңейту
үшінмемлекеттарапынанбелгілібіруақытқажоспарланғанжан-жақты
бағдарламаларжасалынуда.Мемлекеттіктіләрдайыммемлекеттің
қорғауында және оның қамқорлығында болады.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын
мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы.
Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі де ел экономикасымен қатар,
әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша
көңіл бөлуіміз керек.
Қазақтілініңмемлекеттікмәртебесін1993жылғыКонституцияда
бекітіп, 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды.
Десе де, әр қазақ үшін отыз жыл бұрын қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе
бергензаңныңорныбөлек.Себебі,мемлекеттіктілмемлекеттіңбүкіл
аумағында барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару,
сот ісін жүргізу, іс қағаздарын жүргізу тілі саналады.
Мемлекеттік тілдің негізгі әрі басты мәселелері Конституция жүзінде,
«Тіл туралы» Заң жүзінде шешімін тапқанымен, күнделікті өмірдің өзі талап
етіп отырғандай, тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру үшін оны әлі де
жетілдіріп,толықтыратүсуқажеттілігітуындапотыр.Солардыңбірі
мемлекеттікқызметшілердіңмемлекеттіктілдібілуіжөніндеміндеттің
қойылуы.Мемлекеттікқызметшімемлекеттікоргандақызметатқаратын
болған соң және де мемлекет пен мемлекеттік тіл біртұтас ұғым болғаннан
кейін әрбір мемлекеттік қызметшінің қазақ тілін білуі талап етілуі тиіс.
Мұндай талап заң жүзінде қойылмаса, мемлекеттік тілді үйренуге деген
ынтасыздық әлі де жалғасын таба береді. Тек талап қойылған жерде, заң
арқылыміндетбелгіленгенкездебұлмәселеоңынаншешімінтабады.
СондықтанмемлекеттіктілдібілуҚазақстанРеспубликасыазаматының,
соның ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін міндет болуы тиіс. Қазақ тілін
білмеудегенсөзмемлекеттікқызметшініңарынасын.Қолдабар
заңдарымызды әрі қарай жетілдіріліп, «мемлекеттік қызметші мемлекеттік
тілді білуі міндет»деген бап енгізілмесе, қазақ тілін білмей-ақ мемлекеттік
қызметке қабылдана беру жалғасын таба бермек. Сондықтан да мемлекеттік
қызметшіге қойылар талап қайтадан қаралғаны жөн.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық
саладабелсендіпайдаланаотырыпдамыту,тілдіңқолданылуаясын
арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды
үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған.
Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту
өз қолымызда. Тіл саясаты – ұлт болашағы екенін ұмытпайық.
Коммерциялық емес ұйымдардытіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы
бақылау бөлімінің бас маманы
Г.М.Бектурсунова