Меню

Страницы

Статья

"Жаңа жолдау"

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жасаған болатын. “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси жүйесін тұрақтандырудан бастап кең көлемді әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Қай кезеңде де жолданған жолдаулар халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының жолдарын көздегені бәрімізге мәлім. Биылғы жолдауда да сол бағыттарға басымдылық беріліп, заман талабына сай тиімді мемлекет құру тетіктері, қоғаммен кері байланыс, азаматтар қауіпсіздігі, қарқынды дамыған экономика, әлеуметтік жаңғыру және қуатты ел жасауға ұмтылыс, біздің ендігі кезектегі жұмысымыздың бағыты.  «Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. 30 жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында Тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалына кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын айтты. «Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын», - деді Қ.Тоқаев. Президент мемлекеттік тіл мәселесіне де тоқталды. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп атап өткен болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталды. Әсіресе, ол Жолдауда тиімді экономика, заңнамаларды жетілдіру, ұлт бірлігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне бас назар аударып отыр. 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

 

 

 

 

Дата публикации
22 апреля 2020
Дата обновления
04 июня 2020
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
28 августа 2026
Гарантия государственной регистрации прав (обременений) на недвижимое имущество
Аналитическая статья
28 августа 2026
РОЛЬ ГЕОГРАФИЧЕСКИХ УКАЗАНИЙ В РАЗВИТИИ КАЗАХСТАНСКИХ БРЕНДОВ
Аналитическая статья
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы