«Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбындағы семинар-тренинг

«Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбындағы семинар-тренинг
А.ж. 16-17 қыркүйек күндері қаламыздағы «Достық» үйінде «Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.
Семинарға облысымыздың этномедиаторлары және Департаменттің кәсіби медиаторы М. Хасанова қатысты. Семинар-тренинг аясында этномедиация туралы түсінік, этносаралық қақтығысты талдау әдістері мен тәсілдері, медиативтік әңгімелесу жүргізу технологиялары, этносаралық қақтығыстарда келіссөздерді жүргізу стратегиялары мен тактикалары қаралып талқыланды.
Теориялық білім және практикалық тәжірибемен үлкен алмасу болды. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды