Батыс Қазақстан индустриялды колледжінде жастардың құқықтық мәдениеті мәселелері бойынша дәріс өткізілді 2026 жылғы 22 қазанда Батыс Қазақстан индустриялық колледжінде «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Әділет департаментінің қызметкерлері авторлық құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өткізді. Студенттерге Қазақстан Республикасының авторлық құқық, сабақтас құқықтар, тауар белгілері және зияткерлік меншік объектілерін заңды пайдалану саласындағы заңнамасының нормалары түсіндірілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылықты сақтау, сондай-ақ адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы талқыланды. Батыс Қазақстан облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының өкілдері «Республика күні — мемлекеттің тарихи белесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.