Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді орыңдау мақсатында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажеттігін олардың негізгі тірегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталған жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады.
11.02.2020 жылдан бастап «Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін құру туралы» № 41 бұйрығымен жұмыс тобы құрылып,өткен жылдың ақпан айында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды.
Аталған кенседе,Департаменттің лауазымды тұлғаларымен, заңды және жеке тұлғаларды,Департамент қызметкерлерін жеке қабылдауы үшін барлық жағдайлар жасалған.
20 шілде 2020 жылдан бастап,ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті,БҚОӘділет департаменті, Ақпараттық - ағарту штабы, «Ақжайық – адалдық алаңы», БҚО Жеке сот орындаушылар палатасы, БҚО Адвокаттар алқасы, БҚО Нотариаттық палатасы, БҚО Заң кеңесшілері палатасымен бірге,«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН КӨРІНІСТЕРІНЕ ТӨЗБЕУШІЛІК АХУАЛЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМға»қол қойылып, бүгінгі таңда аталған мекемелермен бірлесіп жұмыстанудамыз.
Меморандумның негізгі мақсаты-әділет департаментінің қызметі саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау.
Яғни,Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді орыңдау.
Мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылын күшейту мақсатында,топ басшысымен мүшелері, сонымен қатар адвокаттар алқасының адвокаттары, нотариаттық палатасының мүшелері, жеке сот орындаушыларының палатасының сот орыңдаушылары, заң кеңесшілерінің палатасыңын мүшелерімен жоба кеңсесінде, «Ақжайық адалдық алаңы» тобының чатында, барлық қоғамдық қабылдауларда, «Нұр Отан» партиясында, заң қызметін ұсыну орталықтарында азаматтарға кеңес беріп, тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Короновирустық инфекция таралмау мақсатыңда,халықпен кездесулермен қабылдаулар жүргізілмеді,алайда БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі уәкілі және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысымен «Адалдық алаңы» кенсесінде және «Фэйсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желісіңде 36 қабылдау жүргізілді ( 3 ӘД қызметкерлері және 33 заңды және жеке тұлғалар), соңымен қатар телефон арқылы 158 жеке және заңды тұлғаларға онлайн-қабылдаулар өткізді.
«Нұр Отан» партиясыңда 2 жеке тұлға қабылдады.
Соңымен қатар,Мемлекет басшысының Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту тапсырмасы шеңберінде, сондай-ақ «Адалдық-алаңы» жобасын іске асыру, қоғам мен мемлекет арасындағы қашықтықты қысқарту, халық алдында барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында,БҚО Әділет департаменті Бәйтерек ауданаралық Әділет басқармасының жұмыс форматын үйреншікті жұмыс орнындарынан кеңістіктің «Оpen space» технологиясына көшірілді.Бүгінгі таңда басқарма қызметкерлері шыны бөлмелерде орналасқан.
Сондай-ақ,есептік кезеңде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайы және қызметтік әдеп нормаларын сақталуын бақылау мақсатында бір анонимді түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаларға 40 мемлекеттік қызметкер қатысты. Әдеп жөніндегі уәкілмен үстіміздегі жылдың наурыз айында Ақжайық ауданаралық басқармасының ұжымымен кездесу өткізілді.
Үш мемлекеттік қызметкер әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауында болып,Әдеп кодексі, Мемлекеттік қызмет заңдарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік көмек көрсетілді.
Әдеп жөніндегі уәкілмен есепті кезенде 16 құқықтық іс-шара өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға,қызметтік этиканы, әкімшілік және өзгеде құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға бағытталған алдын алуды күшейту мақсатында, қызметтік әдеп нормаларын, еңбек және атқарушы тәртіпті сақтау, сондай-ақ мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметшілердің дұрыс емес мінез-құлқының алдын алу бойынша ұжыммен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Сонымен қатар қызметкерлерге әдеп кодексінің нормаларына қайшы келетін фото немесе видеоларды бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдардың алдын алу туралы қатаң ескертілді.Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі жалғасын тауып жүргізіледі.
Азаматтардан аумақтық әділет органдарының жауапты тұлғаларының, қызметкерлерінің әрекетіне/әрекетсіздігіне/ келіп түскен өтініштеріне талдау үнемі жүргізіліп отырады.
Жыл ішінде,Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылзаңнамаларынтүсіндірубойынша42 іс-шараларұйымдастырылды.(22-семинар, 3-«дөңгелекүстел», 2-дәріспен 7 кездесулерөткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарыңда екі мақала жариялаңды.
