2020 жылдың 17 маусымында Бәйтерек ауданаралық Әділет басқармасы «Латын әліпбиіне көшу -қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында Переметный ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерімен бірлесіп WhatsApp желісі арқылы видео байланыс түрінде онлайн-семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын талқылау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту болып табылады. Шара соңында латын әліпбиіне көшу –қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, жаңа заман талабына сай өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға септігін тигізетіндігі жөнінде айтылды. БҚО ӘД Баспа-сөз қызметі
Дата публикации
17 июня 2020
Дата обновления
17 июня 2020