Құқық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету

Кітаптар мен таразының жанында тұрған Фемида мүсіні.

Құқықтық түсіндіру жұмысы – әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі

Әділет органдары қызметінің маңызды міндеттерінің бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту, сондай-ақ заңға деген құрметті нығайтумен тығыз байланысты. Бұл үдерісте әлеуметтік әділеттілік, ізгілік, теңдік және жеке тұлғаның бостандығы қағидаттарына негізделген азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы зор.

Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі – мемлекеттің құқықтық жүйесінің даму көрсеткіштерінің бірі. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы түрде қарауына ықпал етеді.

Мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерін табысты іске асыру қоғамның құқықтық мәдениетінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан әрбір азаматтың заңға деген құрметін арттыру, оның маңыздылығын түсіндіру және құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолдануға дайын болуын қалыптастыру ерекше маңызға ие.

Осылайша, әділет органдарының құқықтық түсіндіру жұмыстары заңдылықты нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет құруға бағытталған маңызды тетік болып табылады.