Астана қаласы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас маманы (1 бірлік), C-O-5 санаты, индекс АО-03
Астана қаласының Әділет департаменті
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
Қосымша талаптар
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Функционалды міндеттер
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурстар жүргізу. Аттестация, конкурс комиссиясының жұмыстарын қамтамасыз ету; жеке құрам бойынша қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, демалыс бұйрықтарын рәсімдейді, қызметкерлердің мемлекеттік қызметін анықтайтын комиссияның жұмысына қатысу, кадрларды қайта даярлау және білімін арттыру жөнінде оқыту, тағылымдамадан өту есептерін, қызметкерлерінің жеке істерінің және еңбек кітапшаларын сақталуына, Т-2 жеке кәртішкелерін, қызметтік нұсқаулықтардың жүргізілуін бақылауды және сақталуын қамтамасыз ету; "Е-қызмет" деректерін енгізу жұмыстарын жүргізу, қызметкерлердің нақты жұмыста болу уақытына табель есебін жүргізу; қызметкердің жұмыс орнында негізсіз болмау немесе кешігу жағдайларына акт жасау.Қызметкерлердің жұмыста болу уақытына жүргізілетін табель есебін ай сайын уақытылы жүргізу.Жалақыны уақытылы төлеу үшін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімімен бірлесіп жиынтық табель есебін әзірлеуді қамтамасыз ету.Қызметкерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істер бойынша есеп жүргізу; ішкі қауіпсіздік жұмыстарын үйлестіреді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауын қадағалау; сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын-алу, департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс ұйымдастыру және жүргізу, жолын кесу жөнінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда ынтымақтасу, қызметтік тергеу және тексеріс жүргізу, департаментте ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне және рұқсаттама тәртібін қамтамасыз ету жөнінде бақылауды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.02.2025
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 15
-
8 (7172) 32-55-58, 8-701-762-40-21