Меню

Страницы

Статья

Тіл елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта

Елді мекен дегеніміз адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардың, кәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарынан тұрады және өзіне тән географиялық атауы болады.

         Еліміз егемендігін алғалы бері елді мекендердің, көшелердің атауларын қазақ тіліндегі атауларға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Семей қаласының атауы бұған дейін «Семипалатинск» деп аталған болатын.

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қала атаулары мемлекеттік тілден бөлек орыс тілінде қосарланып жазылып келді. Мысалы, Нұр-Сұлтан – Нур-Султан, Қарағанды – Караганда деп жазылғаны белгілі. Қазіргі уақытта осы атауларды латын қарпінде жазу жұмыстары жүргізілуде.

Көрнекі ақпарат дегеніміз бұл белгілі бір ақпарат немесе атаулар, ғимараттардың маңдайшаларындағы мемлекеттік тілдегі жазулар, көшедегі жарнама баннерлері мен хабарландырулар, яғни көпшіліктің назарына ұсынылатын ақпарат болып табылады.

Елімізде осы саланы реттейтін заң әзірленіп, ағымдағы жылдың ақпан айында «Көрнекі ақпарат туралы» заң жобасы мақұлданды, алайда әлі қабылданған жоқ.

Аталған заң жобасы көрнекі ақпарат мәтіндерінің түпнұсқа мағынасын сақтай отырып аудару талабын қатаң ескеріп, екі тілде берілген мәтіндердің мағыналық жағынан сәйкес келмеу фактілерін жоюға бағытталған. Әлі күнге дейін көшелердің қазақша атауларын дұрыс жазбау, жеке меншік дүкендер мен қонақ үйлердің атауларын қате жазу фактілері орын алуда. Мысалы, инстаграм, фэйсбук және басқа да әлеуметтік желілерде осындай кемшіліктер жөнінде хабарланып, елдің назарына жеткізіліп жатады. Алайда, осы кемшіліктерге жол берген адамдардың заң жүзіндегі жауапкершілігі қарастырылмаған.    

Алдағы уақытта заң іс жүзінде қабылданған соң ғана көрнекі ақпаратты жазу барысында кемшіліктерге жол берілмейді деп үміттенеміз. Осы орайда, айта кететін болсақ, тауар белгісінің иесі немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдаланушы, яғни құқық иеленушілер үшін де белгілі бір талаптақойылатын болады. Атап айтқанда, олар өз қызметтерін көрсету кезінде тауардың қаптамаларын, маңдайшажазуларды әзірлеу, жарнаманы, баспа өнiмдерін немесе өзге де iскерлiк құжаттаманы дайындау барысында осындай талаптарды қатаң сақтауға тиіс.    

Дата публикации
11 ноября 2021
Дата обновления
11 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2025
О выполнении задания Главы государства
28 марта 2025
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.
05 марта 2025
Құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы