Еліміздің цифрландыру саясаты шеңберінде және адвокатура мен заң консультанттарының қызметін автоматтандыруды көздейтін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру туралы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 24 -бабын іске асыру шеңберінде « Ұлттық ақпараттық технологияласы « E-Заң көмегі» АҚ (бұдан әрі - « E-Заң көмегі»АЖ) әзірленді.
Ақпараттық жүйені іске асырудың негізгі мақсаты - халықтың білікті заң көмегіне қолжетімділігін жеңілдету, сонымен қатар халыққа заң көмегін көрсету бойынша адвокатураны және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру.
«E-Заң көмегі» АЖ - заң көмегін көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі, ол құқықтық қызметтерді көрсету мен алуға арналған алаң.
Бұл ретте қызметтерді онлайн немесе офлайн режимде алуға болады, бұл елдегі пандемия кезінде өте маңызды.
«E-Заң көмегі» АЖ арқылы заңгерді және / немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте маманды іздеу (мамандығы бойынша, жұмыс тәжірибесі бойынша) және оның деректерін тексеру критерийі көзделген (лицензиясын, заң консультанттары палатасына немесе адвокаттар алқасына мүшелігін).
Осылайша,жоғарыда көрсетілген ақпараттық жүйе азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.